ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облыстық медициналық орталыққа жаңа директор тағайындалды. Аталған лауазымды қызмет бұған дейін орталық директорының хирургия жөніндегі орынбасары болған, соңғы уақытта директордың міндетін уақытша атқарып келген Нұриддин Әмитовке тапсырылды.
Ол 1968 жылы 1 қаңтарда Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985-1993 жылдар аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтында білім алған. 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығын бітірген.
1994 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облыстық ауруханасында хирург дәрігер ретінде жұмысын бастаған. 2002-2009 жылдар аралығында Қызылорда облыстық медициналық орталықтың жедел хирургия және жоспарлы хирургия бөлімшелерінің меңгерушісі, 2009-2018 жылдар аралығында орталық директорының хирургия жөніндегі орынбасары, 2018 жылдың наурыз айынан бастап уақытша директор міндетін атқарушы болды.
2016 жылы Қызылорда облыстық мәслихатының №29 «Түгіскен» сайлау округінен VI шақырылым депутаты болып сайланған. Ол «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Жалпы хирургия» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санатты иеленген.