ЕЛ ҮМІТІН АҚТАР ЖАСАМПАЗ ТҮЛЕК
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектеріне аттестаттар табысталды. Салтанатты шара Н.Бекежанов атындағы облыстық драма тетарында өтті. Білім нәрімен сусындап, қияға қанат қаққан жас түлек бүгін ерекше тебіреніс үстінде, себебі бүгін талай жыл алған білімнің нәтижесі құжатпен дәлелденбек. Білім беру жүйесінің ең озық әдіс-тәсілін тәжірибеге енгізген зияткерлік мектептің білімін алған дарынды оқушыларда артылған сенімнен үде шығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
Биыл мектеп қабырғасын 132 оқушы тәмамдаса, олардың 12-сі «үздік аттестат» иегерлері.
Қазіргі уақытта бірнеше мектеп түлегі алдын-ала тапсырған емтихандардың нәтижесінде шетелдік және еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО грант иегерлері атанды. Олардың ішінде Мәскеу, Қытай, Гонконг, Венгрия, Корея, Чехия сияқты елдердің университеттері біздің дарынды оқушыларға ұсыныс білдіріп, оқуға шақырып отыр. Әрине бұл ең алдымен оқушының табандылығы мен төзімділігі болса, мектеп жасап отырған мүмкіндіктер мен ұлағатты ұстаздардың ұстамдылығы.
Бүгінгі салтаннатты жиынға бірқатар құрметті қонақтар, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, облыстық білім басқармасының басшылығы қатысты. Аттестат тапсыру рәсімінде сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова Назарбаев Зияткерлік мектебінің аймақта алатын орнын ерекше атап өтіп. Мұндағы білім беру тәсілдерін облыстағы барлық мектептерге тарату жұмысының қарқынды екенін және оның тиімділігін тілге тиек етті. Мектеп түлектерін аттестат алуларымен құттықтаған облысымыздың бас ұстазы, мектеп басшылығына облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.