ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
Кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді қолдау, еңбек етуге жағдай жасау, экономикалық және инновациялық өркендеу – бұның бәрі мемлекетіміздің қазақстандықтар үшін жасап отырған мүмкіндігінің нәтижесі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты қоғамның тұрақтылығы мен келісімінің, халықтың әл-ауқатының және еліміздің экономикалық дамуының көрінісі.
Бүгін біз еліміздің 23 жылдық тәуелсіздігі күнін атап өткелі отырмыз. Осы жылдар ішінде Қазақстан зор табысқа жетті. Тәуелсіздік – біздің көп ұлтты еліміздің баға жетпес құндылығы, мәртебесі. Тәуелсіздік – бұл бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі, адам қызығушылығының қорғалуы, бостандық пен берекенің символы. Елбасының халыққа жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуы да әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатындығы анық.
2014 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті. Іс-шарада алдымен егеменді еліміздің Әнұраны орындалды.
Салтанатты шараны арнайы баяндамамен Қызылорда облысы ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Өмірзақов ашты. Төтенше жағдайлар саласының ардагері Т.Ботабаев қатысушыларға мерекелік құттықтау сөзін жеткізді. Сонымен бірге, департамент бастығы С.С.Өмірзақов ұжым қызметкерлерін және құтқарушыларға ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің және департаменттің мерекелік алғыс хаттарын, төс белгілерін табыстады.
Осы ретте облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хаты Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ-нің сүңгуіршісі Е.Әмірхановқа берілді.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының атынан алғыс хат департаменттің бас мамандары Л.Пейішбековаға, Ж.Түйменовке, «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушысы Қ.Кенжебаевқа табыс етілді.
Оған қоса, Жаңақорған ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы М.Нысанбековке өртке қарсы қызмет подполковнигі кезекті арнаулы атағы ТЖД бастығы табыстады.
Айгүл НҰРМАНОВА,
төтенше жағдайлар департаменті
мемлекеттік тіл және ақапарат тобы