ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Бүгінгі күні «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру қадамдарын қамтып отыр.
Әділет министрлігі елдің нормативтік құқықтық актілеріне азаматтардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпыға бірдей тегін қол жеткізуін қамтамасыз етті. Әділет министрлігінің ведомстволық сайтында «Әділет» ақпараттық-құқықтық веб-жүйесі жұмыс жасайды. 2015 жылдан бастап электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі пайдалануға енгізілді. Нормативтік құқықтық актілерді бақылау жағдайында пайдаланушыларға интернет желісінде орналасқан web-портал арқылы қолжетімді және ол нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі ресми жариялау көзі болып табылады.
Әділет министрлігінің қызметті цифрландыру бағытындағы оң өзгерістердің бірі нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді автоматтандыру болып табылады. Аталған бағыттағы мақсатқа қол жеткізу үшін 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы № 113 қаулысына қол қойылды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт министрліктеріне, Павлодар облысының әкімдіктері, мәслихаттары және Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу электронды түрде жүргізілуде. 1 шілдеден бастап мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді автоматтандырылған нысанда республиканың барлық аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.
Электронды тіркеу мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жүзеге асырылады. Облыстық, облыстық маңызы бар қала, аудандық, аудандық маңызы бар қалалық деңгейіндегі мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың интранет-порталына қосылған.
Автоматтандыру жүйесіне мемлекеттік органдардың интранет-порталы орнатылмаған елді мекендердің (ауылдық округ, ауыл, кент деңгейіндегі) мемлекеттік басқару органдарын 2019 жылы жүйеге қосу жұмыстары басталып кетті.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу рәсімін автоматтандыру бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге түзетулер енгізілмек.
Н.АРЗЫКУЛОВА,
Қызылорда облысының
әділет департаментінің бас маманы