ШЕКАРА АРҚЫЛЫ КӘДЕСЫЙЛАРДЫ АЛЫП ӨТУ КЕЗІНДЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕУГЕ БОЛА МА?
Көп күттірген маусым – демалыс маусымы келді. Саяхатты жақсылап жоспарлап, демалыстан алаңдататын дүниелерді алдын ала білгеніміз абзал. Саяхатты еске түсіретін кәдесыйлар, сыйлықтар, импорттық сусындар мен асыл заттарды алуда декларацияны дұрыс толтырмаса орын алатын айыппұлдар мен кедендік баждар туралы біліп алайық.
Бұл тауарлар тобына киім-кешек, парфюмерия, әшекейлер және басқалары жатады. Мұнда екі шектеу ғана бар – тауардың жалпы құны 10 мың евродан және жалпы салмағы 50 келіден аспауы тиіс. Төмендегі тізім бір адамға арналған көрсеткіштер:
▪ Темекі және темекі өнімдері: 200 сигарет, немесе 50 сигар (сигарилл), немесе 250 грамм темекі, немесе аталған өнімдердің ассортименті жалпы салмағы 250 граммнан аспауы тиіс;
▪ Алкогольдік сусындар және сыра: 3 литр;
▪ Тері бұйымдары: тек бір ғана бұйым алып өтуге болады (бас киім, тон немесе гардеробтың кез келген бұйымы);
▪ Мобильді телефон: бір адамға екі дана;
▪ Планшет: бір адамға екі дана;
▪ Портативті тасымалданатын компьютер және оның керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук): бір дана;
▪ Зергерлік бұйымдар: бір адамға бес бұйым;
▪ Велосипед: бір адамға бір дана;
▪ Балалар қоларбасы: бір дана.
Жоғарыда аталған заңмен қарастырылған нормадан асып түскен жағдайда кедендік төлемдер мен салықтары төленетінін атап өту керек.
«Жеке қолданыс үшін» санатына жатпайтын тауарларға экспорттық бақылау шаралары қолданылатын тауарларды жатқызуға болады. Бұл тізімге: 250 граммнан асатын бекіре балығының уылдырығы; 5 келіден асатын балық, шаян тектестер; және басқалары.
Басты назарда ұстайтын жәйт, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке қолданыс үшін тауарларды алып өту кезінде жеке тұлғалармен кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ЕАЭО кеден шекарасы арқылы аса ірі көлемде тауарлар өткізу (өткізілген тауарлар құны 5 000 айлық есептік көрсеткішінен асса) ҚР Қылмыстық кодексімен қудаланады.
ЕвАзЭкО кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалармен өткізілетін және 10000 долларға балама сомадан асатын, жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражаттарын декларацияламау немесе дұрыс емес декларациялау үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес6 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Т.Сыздықов,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы