БАС ПРОКУРАТУРА АБАЙ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағандығы жөнінде баспасөз-релизі жарияланған.
Онда Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын осы жылдың 23 маусымында митингтерге шығуға шақырады. Осындай бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың Киевтегі жарнамалық агенттікті жалдап, ол азияттық келбеті бар актерлерді іріктеп алғандығын анықтаған.
Бас прокуратураның хабарламасы бойынша олар шын мәнінде Қазақстанның азаматтары емес, ал роликтердің өзі қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.
Мысалы, үстіміздегі жылдың 12 маусымында «Ютубта» «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша осындай роликтерді түсіру үшін Әбілязов Киев қаласында жарнамалық агенттікті жалдап, онда кәсіби актерлар мен модельдер ойнайды.
Роликтерде ойнайтын актерлер шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтары емес екендігі болып шықты. Сонымен қатар, қадағалаушы орган митингтерге қатысуға шақыру үгеттеулер «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның ережелерін тікелей бұзады.
Ашық акцияларды өткізу үшін оны өткізуді белгілеген мерзімнен 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.
Осыған байланысты, прокурорлар митингтер заңсыз болып табылатынын, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін әкімшілік жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделгенін естеріңізге салады.
Бас прокуратура Қазақстан халқын экстремистік ұйымның және оның сыбайластарының араңдатушылықтарына ермеуге шақырады.