МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін математика пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өтті. Жиынға өңіріміздің үздік мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен математика ғылымының ғалымдары қатысты.
Шараға арнайы шақырылған Қазақстан Ұлттық Ғы¬лым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев қазіргі таңдағы математика пәнінің маңыздылығына тоқтала келе, математика пәні мұғалімдерінің қызметі екі есе жауапкершілікті талап ететіндігін атап өтті.
Форум соңында облыс әкімі Қ.Көшербаев шараны қорытындылап, еліміздің ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
- Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің экономикалық дамуындағы, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудағы, халықаралық беделін арттырудағы жетістіктері ұшан теңіз. Бүгінгі іс-шара да - сол тәуелсіздігіміздің тұғырлығының арқасы. Елбасымыз «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда» екенін айтқан болатын. Ендеше дамыған 30 елдің қатарына енуіміздің кепілі – кемел келешек, яғни сіздердің осы болашақтың иелерін оқытудағы нәтижелі еңбектеріңіз, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі математика пәні бойынша мұғалімдер арасында өткізілген олимпиада жеңімпаздарын дипломдармен марапаттап, бас жүлде иегеріне автокөлік кілтін және қаржылай сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының «жеңімпазы» №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатына материалдық-техникалық базаны дамытуға жергілікті бюджет есебінен 16 млн. теңге көлемінде грант берілді.