1000 ӘЙЕЛГЕ 998 ЕРКЕКТЕН КЕЛЕДІ ЕКЕН
Биыл 1 маусымдағы есеп бойынша қызылордалықтардың жалпы саны 745,6 мыңды құрады. Сонда 1000 әйелге 998 ер адамнан келеді екен.
«1000 адамға шаққанда табиғи өсім 20,1 болып, республикада бойынша Қызылорда бесінші орынға шықты», - деді бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық статистика басқармасының басшысы Бақыт Сапар.
Ол өңірдің экономикалық даму көрсеткіштеріне де тоқталды. Айтуынша, биыл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 593,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 4,1 пайызға азайған. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу көлемі 5 пайызға кеміген.
«Барлығы 886 жаңа ғимарат салынды. Соның ішінде 872 тұрғын үй бой көтерді. 5577 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Биыл жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады», - деді Бақыт Сапар.
Шынар БЕКБАН