ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ, ТҰҒЫРЫҢ СЕНІҢ БИІКТЕ!
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте!» атты салтанатты кеш өтті.
Ел Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік кешті білім ордасының ардагер-ұстаздары, оқытушы-профессорлары мен білім алушылары және университеттің магистранттары мен докторанттарына дәріс оқуға келген шетелдік ғалымдар тамашалады. Салтанатты жиында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов: «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тарихындағы сындарлы кезеңдерде өркениеттің даңғыл жолына бастайтын түбегейлі реформаларды табысты жүзеге асырды. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орны бар мемлекетке айналып, 130-дан астам елмен әріптестік қатынастар орнатты, экономикасы тұрақты даму жолына түсті»,-деп ерекше атап өтті. Сонымен бірге, университет басшысы салтанатты шарада жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін физика және математика кафедрасының профессоры Пажарбек Сапарходжаевқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алтынсарин төсбелгісін» табыстады. Университеттің бірқатар оқытушы-профессорлары мен түлектері Қызылорда облысы әкімдігінің, көшбасшы партия «Нұр Отанның» алғыс хатымен марапатталса, облыстың өнер, мәдениет саласын дамытуға ерекше үлес қосып жүрген түлектерімізге 75 жылдық мерекелік медаль табысталды. Ал, музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., Мақпал Шакирова «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінен «Мәдениет майталманы» медалін иеленді.
Мерекелік кеште қазақ елінің өткен тарихы, халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрескерлік жолы мен бүгінгі бейбіт өмірді бейнелейтін монолог оқылып, деректі фильм көрсетілді. Университет өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, «Дидар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі күй күмбірлетті. Ұлттық нақыштағы билер биленді. Студент-жастар «Алға Қазақстан!» ұранымен салтанатты кештің мазмұнын арттыра түсті.
Жалпы, университет ұжымы мерекені айтулы жетістіктерімен қарсы алып отыр. Атап айтсақ, білім ордасы тұңғыш рет университеттердің әлемдік рейтингіне қатысып Азия мемлекеттерінің 718 жоғары оқу орындары арасында 68-орынды, Қазақстанның жетекші 21 жоғары оқу орындары арасында 4-орынды иеленді. Университет Америка Құрама Штаты, Ресей Федерациясы, Түркия, Австрия, Оңтүстік Корея, Польша және т.б. елдердің 60-тан аса жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимыл жөнінде байланыс орнатып, нәтижесінде оқытушы-профессорлардың тәжірибе алмасуы, академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Салтанатты кеш соңында университеттің дайындық курсында білім алып жатқан шетелдік қандастарымыз құттықтау сөз сөйлеп, туған жерге, туған елге деген ыстық ықыластарын білдірді.