МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛҒЫНДАР АРАСЫНДА ДОЙБЫДАН САЙЫС ӨТТІ
Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды түрлі спорт түрлеріне бейімдеу жолға қойылған. Бұл жұмыстарға «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясы да көңіл бөліп келеді.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балғындар арасында дойбыдан сайыс ұйымдастырды.
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойларына орай өткен сайысқа 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі балғындар қатысып өзара бақ сынасты.
«Нұр Отан» партиясы балғындардың болашағын жарқын етуге бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында «Балаларға арналған тегін – ІТ сыныптар», «Мектеп асханаларын жаңғырту», «Мектеп спорт алаңдарын қайта жөндеу» және «Бастауыш сыныптар үшін денсаулық сабақтары» жобалары бар.
Бүгінгі дойбы ойыны да ақыл-ойды дамытатын спорт түрі. Бұл баланың қиялы мен ойлау қабілетін арттырады. Сондықтан біз олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай білуіміз керек. Ғалымдар дойбы ойынының көптеген ауруларды жеңуге көмектесетіндігін дәлелдеді.Бүгінгі ойынға қатысқан балаларға дойбы спортының пайдасы тиетіндігі сөзсіз", - деді балғындарға сәттілік тілеген облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Сайыс басында балғындарға дойбы ойынының тарихы, еліміздегі және шетелдердегі атақты ойыншылар туралы қызықты мәліметтер берілді.
Бірнеше сағатқа созылған сайыста қазылар алқасы дара шыққан озық ойлы үш ойыншыға «Нұр Отан» партиясының бағалы сыйлықтарын табыстаса, қалған ойыншылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Шара соңында ұйымдастырушылар балғындармен естелік суретке түсіп, олардың болашағынан зор үміт күтетіндіктерін жеткізді.