«РАДУГА» ЛАГЕРІ – КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС МЕКЕНІ
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады.
Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы тынығу демалыс лагерлерінен бастау алары сөзсіз. Арал қаласындағы №14 мектеп-лицей жанындағы «Радуга» күндізгі лагері бірінші ауысымын аяқтап, екінші ауысымын бастап кетті.
Мұнда бала тәрбиесі мен оқуына мол үлес қосып жүрген тағлымы мол тәрбиешілер мен мектеп медбикесі лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ұйымдастырып тұрады. Осы орайда, жақында балалардың әр күндерін қызықты өткізу әрі рухани дүниесін дамыту мақсатында бірқатар қызықты шаралар өткізілді.
Мәселен, мемлекеттік рәміздер күніне орай «Символы открытости, мира и согласия» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылса, мұнан өзге ұлттық ойындар және «Воздушные шарики», «Бантики», «Любимые игрушки», «Найди клад», «Весёлые старты» тақырыптарында көптеген іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар, балалардың шығармашылық және эстетикалық қабілетін дамыту мақсатында мектеп жанындағы күндізгі лагерде бекітілген жетекшілермен түрлі үйірме жұмыстары мен «Инфознайка», «Веселые нотки», «Подвижные игры», «ABC», «В мире книг», «Мой любимый сказочный герой», «ПДД», «Здоровый образ жизни» тақырыптарында сурет салу жұмыстары жоғары деңгейде жұмыс жасауда.
Иә, балалар лагері – әр күні күлкі, ұмтылмас естелік, ажырамас достар ортасы. Жылда күтетін, жазғы демалыспен келетін лагерьдегі күндерді балалар асыға күтеді, және қимастықпен қоштасады. Осы ретте, мектеп жанындағы күндізгі «Радуга» лагері бірінші ауысымының жабылуы кезінде қызықты ертегі қойылымдарын орындап, тақырыптық костюмермен шығып, көңілді өткізді.
Бұл әрине, тәрбиешілер жұмысының жоғары екенін тағы бір дәлелдеді.