БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАТЫНЫН ҚУАТТАДЫ
11-12 желтоқсан күндері ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Беларусь Республикасына жұмыс сапары өтті.
Сапар аясында Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары М.Русый, БР Сыртқы істер министрі В.Макей, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Президиумының төрағасы В.Гусаков және ғылыми-өндірістік институттар басшыларымен екіжақты кездесулер өтті.
Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары М.Русыймен болған кездесуде Р.Жошыбаев екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға М.Русый тең төрағалық ететін Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының айтулы үлес қосып отырғанын атап көрсетті. Р.Жошыбаев cондай-ақ, Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындықтың барысы және көрменің тақырыбы туралы әңгімелеп берді. Кездесу барысында сонымен бірге, көрмеге ғылым және ІТ технологиялар саласындағы бейінді институтуттардың қатысу мәселесі де сөз болды.
Милан-2015 көрмесіндегі Беларусь Республикасының Комиссары болып табылатын вице-премьер М.Русый, ЭКСПО-2017 көрмесіне Минскінің лайықты деңгейде қатысатынын атап көрсетті.
Беларусь Сыртқы істер министрі В.Макеймен болған кездесуде тараптар қазақстан-беларусь қарым-қатынастарының жағдайы мен келешегін талқылады, Қазақстан мен Беларусь арасында жоғары деңгейде өзара сенімді қарым-қатынас пен өзара түсіністік қалыптасқанын атап көрсетті.
ЭКСПО-2017 Комиссары Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін Беларусь тарабына алғыс білдірді және Н.Назарбаевтың Беларусь Президенті А.Лукашенконың атына жолданған ЭКСПО-2017 көрмесіне шақыру хаттың түпнұсқасын табыс етті.
Беларусь министрі өз кезегінде Комиссарға ЭКСПО-2017 көрмесіне Беларусь Республикасының қатысуын қуаттайтын нотаны табыс етті. Тараптар барлық саладағы, оның ішінде ЕАЭО аясындағы екіжақты ынтымақтастыққа және Алматы мен Минск арасында тікелей әуе байланысын ашу қажеттілігіне өзара мүдделілік білдірді.
Ал Беларусь Ұлттық ғылым академиясында болған кездесу барысында қазақстандық делегацияға республиканың ғылыми жетістіктері таныстырылды. Кездесу барысында Академия Президумының төрағасы В.Гусаков «Болашақ энергиясы» тақырыбының Беларусь елі үшін де маңызды екенін атап көрсетті. Академиктің айтуынша, энергияның балама көздерін іздеу – стратегиялық міндеттердің бірі, және осы тұрғыда Астана көрмесінде Беларусь ғылым академиясы таныстыруды жоспарлап отырған жобалары жоқ емес.
Кездесулердің қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Беларусь Республикасы Туристік ұйымдар одағының арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Астандағы ЭКСПО көрмесінің туристік әлеуетін дамытуда ынтымақтасып жұмыс істеуді қарастырады.