СЫРДАРИЯЛЫҚ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария ауданында 30 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелерін қуанышымен облыс әкімі Қ.Көшербаев бөлісіп, аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Аудандағы аграрлы-техникалық колледждің бұрынғы жатақханасының ғимараты қайта жаңғыртылудан өткізілді. Бұл оқу орнында 230 студент білім алатын болса, соның 100-ге жуығы алыс ауылдан келеді. Енді оқу орнының шәкірттері туған-туыстың үйін жағаламай жайлы жатақханағада тұрады. Сондай-ақ, осы жатахана ғимаратының жартысын тұрғын үй ретінде пайдалануға берілді. 30 пәтердің 10-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12-сі әлеуметтік жағынан осал топтарға, 4-і бюджеттік сала қызметкерлеріне және 4 пәтер қызметтік тұрғын үй есебінен табысталды.
- Бүгін ерекше қуанышты күн. Халқымыз үшін ұлық мереке - ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында баспаналы болып отырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын, ел тәуелсіздігі тұғырлы болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.