«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 20 маусымында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Ашық есік күнін» өткізеді.
Облыстық департаменттің мамандары азаматтарды департаменттің әкімшілік ғимаратында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30) күтеді.
Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №5 үй, №210 кабинет, телефон (87242) 26-22-61, 26-23-67.