ПОЙЫЗДАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ КЕСТЕМЕН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ
Жаз басталысымен курорттық аймақтарда демалуды жөн көретін адамдардың саны артатыны белгілі. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ демалушыларға ыңғайлы пойыз кестелерін іске қосқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нақтырақ айтқанда, Астанадағы және Орталық Қазақстандағы жолаушылардың Балқаш пен Алаккөлге қарай тасымалын қамтамасыз ету үшін қосымша пойыз шығып отыр:
№ 253/254 «Астана-Достық» пойызы Астанадан 17 маусымнан 30 тамызға дейін (бейсенбі және жексенбі сайын), Достықтан кері Астанаға қарай 18 маусымнан 31 тамызға дейін (дүйсенбі және жұма күндері) жүреді. Жолаушыларды отырғызу және шығару - Астана-1, Қарағанды-Сұрыптау, Қарағанды, Ағадыр, Мойынты, Балқаш, Саяқ, Ақтогай, Бескөл, Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл, Достық стансылары арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Семей-Жалаңашкөл» және «Өскемен-Жалаңашкөл» бағдарларын ұйымдастыру көзделген.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздар туралы алдын ала біліп, билеттің интернет-порталдар, кассалар мен терминалдар арқылы алуға болатынын ескертеді.
Толығырақ ақпаратты алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама қызметіне немесе бірыңғай анықтама қызметі - 105 нөміріне хабарласуға болады.