ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімдерінің қатысуымен «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» КММ өрт-тактикалық жаттығу өтті.
Арнайы қызметтермен өзара бірлесіп әрекет жасау нұсқаулығына сәйкес, жедел-жәрдем қызметкерлері, жол сақшылары, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» КММ және қалалық электр торабы қызметкерлері жаттығудың нәтижелі аяқталуына ат салысты.
Өртті ауыздықтауда жауапты тұлғалардың негізгі мақсаты – ғимараттың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуын анықтау, өрт сөндіру техникаларының даярлығын тексеру, қызметкерлердің өртті тоқтатауда қолданатын тәсілдерін жаңарту және жылдамдығын арттыру.
Жаттығу кезінде өртті уақытылы және тиімді сөндіре білді деген қорытындымен, жаттығу басшысы өртке қарсы қызмет подполковнигі Ғ.Имбетов жеке құрамға жаттығу кезінде жедел штаб жұмыстары өрт орын алған аймақты барлап қана қоймай, өртте тыл және байланыс жүйелерінің қызметіне назар салу, өрт сөндірушілер мен инженер-техник жұмысшыларының өзара байланыста болу керек екендігін, дене шынықтыру дайындықтарының, сонымен қатар моральді-психологиялық тұрғыдан үнемі дайын болуын атап көрсетті.
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ»ММ баспасөз қызметі