ҰЛТТЫҚ КОММИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
12 желтоқсанда Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс алдында журналистердің Г.Н.Әбдіқалықовамен баспасөз мәслихаты болып өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының өзінің таяудағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы одан әрі экономикалық өрлеуінің басымдық бағыттарын айқындап бергенін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның 2015 жылғы жұмысы Жолдаудың негізгі бағыттары шеңберінде құрылатынын атап өтті. Мәселен, Ұлттық комиссияның алдында әйелдерді Жаңа Экономикалық Саясатты іске асыру шеңберіндегі барлық инфрақұрылымдық жобаларға барынша тарту міндеті тұр. Бұл ең алдымен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, сондай-ақ әйелдердің елдің әлеуметтік жаңғыруына жан-жақты қатысуына қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова әйелдердің осы салалардың әрқайсысына белсенді қатысуы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында елдің экономикалық ахуалын одан әрі жақсартуға тікелей ықпал ететіне сенім білдірді.
Ұлттық комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықова сондай-ақ еңбек өнімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Еңбек шығындарының тиімділігі технологияларды, инновацияларды қолдану деңгейіне байланысты. Осыған байланысты, инновациялар және осы бағытта әйелдерді жан-жақты қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Сол сияқты, Ұлттық комиссия 2015-2020 жылдарға арналған отбасылық қатынастарды, моралдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі жалпыұлттық жоспарды іске асыру жұмысының негізгі үйлестірушісіне айналатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс үш негізгі мәселелер блогы бойынша құрылатын болады: отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын қалыпастыру, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.
Бұл мақсатта отбасы институтын нығайту, ана мен балалықты қорғау жастарды қолдау, қарттықты лайықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілетін болады, онда халықты жұмыспен қамтуды арттыру, кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету жөніндегі механизмдер көзделген.
Комиссияның отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссияның жаңа мүшелерінің ішінде – заң шығарушы билік тармағының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, «Экспо-2017» ұлттық компаниясының, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы