ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫ
Биыл Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды.
Арал ауданында жылдан-жылға сәулеті көз сүйіндіретін нысандардың саны артып келе жатыр. Әсіресе, заманауи үлгіде салынып, соңғы технологиялармен жабдықталған тойханалардың әсемдігі алыстан менмұндалайды.
Бұл жерде мемлекеттен қолдау тауып, өз кәсібін жандандырып отырған кәсіпкерлердің еңбегі зор. Солардың бірі – Жайық Жақсылықовтың «Асыл мұра» мейрамханасы.
Кәсібініен нәсіп көруді мақсат еткен, азамат 2014 жылы 1500 шаршы метр жерді жалға алып, «Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы» аясында 15 млн теңге несие алады. Нәтижесінде жалпы құны 80 миллион теңге тұратын, сыйымдылығы 400 адамға арналған ғимарат былтыр пайдалануға берілді. Жеке кәсіп иесі қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Елбасы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту жолға қойылса, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті өркендету-негізгі бағыттардың бірі. Жұмыс жасап, отбасылық кәсіп ұйымдастыратын адамға барлық жолдарын қарастырып берді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасса, еліміздегі экономикалық ахуал жақсара түседі. Біз аңсаған "Мәңгілік ел" стратегиясының да жүзеге асу жолдары ашыла түспек. Оған отбасылық кәсіпті дөңгелетіп, қорқақ көздің бағдарымен емес, батыр қолдың күшіне сенім артқан жөн. Сондықтан елімізде отбасылық кәсіпті дамыту қарқынды белең алуда. Соған сәйкес, менде қосымша несие алып, отбасылық бизнесті дамыту мақсатында тойхана аштым. Келушілер қатары да аз емес. Алдағы уақытта өзге де бизнестің түрлі саласынан бағымды сынап көрсем деген жоспарым бар, - дейді Ж.Жақсылықов.
Әрине, бүгінде кәсіпкерлікке деген көзқарас өзгерді. Мемлекеттің де, қоғамның да, тіпті қарапайым адамның кәсіпті дамытуға ынтасы ерекше екені байқа¬лады. Бұрынғыдай емес, “кәсіптің көзін тапсам” деген мақсатты алға қойғандар қатары аз емес. Оған Арал қаласындағы бизнестің түрлі саласында өз жұмыстарын жандандырып жатырған еңбек иелері дәлел.
Атап айтар болсақ, мал шаруашылығы, сауда саттық кешендері мен түрлі кәсіптік бағытта бой көтерген ғимараттар қала көркіне айналған. Әрі адамдарға қолжетімді бағада сапалы қызметтерін ұсынып отыр. Мұның бәрі сайып келгенде, мемлекетіміздің кәсіпкерлерге қолдау көрсетуінде болып отыр. Осы тұрғыда отбасылық бизнесті дамытып, ұрпағының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасап отырған, кәсіпкердің жұмысы жүйелі екені сөзссіз.
С.ҮСЕНҚҰЛОВА,
Арал ауданы