ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: жетістіктері мен даму стратегиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау, ұлттық экономиканың стратегиялық бағыттарына және саяси-құқықтық жүйенің дамуы мәселелеріне арналған зерттеулер нәтижесін баяндау, қазақстандық патриотизмді нығайту ісіне үлес қосу. Конференция жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар, университеттің оқытушы-профессорлары мен магистранттар және студент-жастар қатысты.
Конференцияны ашқан университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы: «Биыл қазақ елінің шын мәніндегі өз алдына дербес мемлекет болғанына 23 жыл толып отыр. Біз тәуелсіздігімізді халқымыздың басына қонған зор бақыт екенін үлкен мақтанышпен сезіне отырып, оны қастерлеп келеміз. Жаңа мазмұндағы мемлекетіміздің негізін қалаған Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тарихындағы сындарлы жылдары өркениеттің даңғыл жолына бастайтын түбегейлі реформаларға тікелей басшылық жасап, оны табысты жүзеге асырып келеді», - деп тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталып өтті.
Жиын барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы «Халыққа Жолдау – нұрлы жол басы» тақырыбында, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы «Тәуелсіздік жылнамасы» тақырыбы бойынша, Ресей Федерациясының Ставрополь мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Таранова Ирина Викторовна «Развитие экономического сотрудничества Казахстана и России: ход истории и возможность гармонизации» тақырыбы негізінде, Ресей Федерациясының Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Каргапольцева Наталья Александровна «Современные тенденции развития образования в Казахстане и России» тақырыбы аясында, «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сахиев Сәулет Ерназарұлы «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың саяси мәдениетін жетілдірудегі және олардың саяси кемелденуі мен азаматтық позициясын қалыптастырудағы саяси жүйенің рөлі» тақыры бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Алтаев Ерлан Амангелдіұлы «Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында университет басшысы Қылышбай Бисенов тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ханкелді Әбжановты «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» төсбелгісімен марапаттады.
Конференция жұмысы одан әрі «Қазақстандық қоғам: экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму аспектілері», «Тәуелсіз Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы», ««Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың басым бағыттары» тақырыбындағы секциялық жұмыстармен жалғасты. Жалпы, конференция аясында ғалымдардың 50-ге жуық ғылыми баяндамалары тыңдалды.