ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ БІРДЕН 335 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Ол жартылай орта салмақтағы рейтингте 681-ші орыннан 346-шы орынға бірақ көтерілді. Бірінші орында аустралиялық боксшы, WBO титулын иеленген Джефф Хорн (18-0-1, 12 КО) көш бастап тұр.
Еске салайық, Лондондағы (Ұлыбритания) бокс кешінің аясында Елеусінов төрешілердің бірауызды шешімімен (60-54) венгриялық Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.
Данияр өзінің үшінші жекпе-жегін Лондонда O2 Arena-да өткізеді. Ол 28 шілдеде өтеді, қарсыласы әзірге белгісіз.
Елеусіновтің дебюті 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өткен болатын. Ол америкалық боксшы Ноа Кидданы (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.