ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде облыстық қан орталығымен бірлесіп «Өзгеге өмір сыйла» атты қайтарымсыз қан тапсыру қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қан тапсыру — қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі. Аталған шараның негізгі мақсаты қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Департаментке қарасты ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінен 50-ге жуық қызметкер қайырымдылық акциясына донор ретінде қатысып, қан тапсырды.
«Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласам, бұл үлкен қайырымды іс. Сондықтан да мен қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймын», - деді әділет аға лейтенанты Думан Ералиев. Айта кетейік, аталған акцияҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымов бекіткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасы аясында жүзеге асып отыр.
Акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.