ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР ОНЫНШЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫН АШТЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласы тағы бір кәсіпкерлік нысанымен толықты. Жас, жеке кәсіпкер Айдос Сайлигараев қалада «Браунис» кондитерлік дүкен-кофеханасын ашты. Бұл «Браунистің» қаладағы 7-ші, ал жалпы жас кәсіпкердің 10-шы кәсіпкерлік нысаны.
Шараға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов, қала әкімінің орынбасары Нұржан Ахатов, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Ғалымбек Жақсылықов және өзге де кәсіпкерлер қатысып, барша қызылордалықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлермен бірге кәсіпкерлік қауымдастықтарымен де тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмыс жүргізуде.
Сыр бойы кәсіпкерлер Қауымдастығының белсенді мүшесі Айдос Сайлығараев бүгінде 200-ге жуық қызылордалықты жұмыспен қамтуда.
13 жасынан бастап еңбекке араласқан Айдос алғашқы жеке кәсібін осыдан 11 жыл бұрын, яғни 2003 жылы ашқан. Еңбекқор, ізденімпаз, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас кәсіпкер бұдан кейін 2009 жылы «Дастархан» асханадар желісін, 2010 жылы «Cofee do» кофеханасын, 2011 жылдан «Браунис» кондитерлік цехын ашты.
Бүгінде шетелдік озық тәжірибелерді меңгеріп, сапалы қызмет пен үздік менеджментті отандық кәсіпті дамытуда сәтті қолданып жүрген Айдос Сайлигараевтан жаңадан ашылып жатқан «Браунис» кондитерлік дүкен-кофеханасының ерекшелігі туралы сұрап-білген едік.
«Ерекшелігі – тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау үшін дүкен мен кофехананы бір жерден ашып отырмыз. Біздің 25 қызметкеріміз қызылордалықтарға 24 сағат /тәулік бойы/ қызмет көрсететін болады», - деп жауап берді кәсіпкер.