АРАЛДА ҰН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ
«Ranap Vip Product» компаниясы желтоқсан айынан бастап «Аралым» ұнын шығаруда. Бүгін Арал ауданында арнайы іссапармен болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кәсіпорын жұмысымен танысты.
Түркияның құрал-жабдығымен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 180 тонна бидай тартуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бидай Қостанай, Ақтөбе облыстарынан әкелінуде. Комбинат аймақтың 42 пайызын ұнмен қамти алады.
Аймақ басшысы кәсіпорынның мемлекеттік бағдарламалар негізінде жұмыс жасауын тиісті басқарма басшыларына тапсырды.