БАС МҮФТИДІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Облыс орталығындағы «Hayat Palace» салтанат сарайында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан ауызашар берілді.
Қасиетті Құран аяттарымен басталған отырыста өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы қонақтарға Бас мүфтидің игі лебізін жеткізіп, мүбарак Рамазан айымен құттықтады.
Ауызашарда сөз алған облыстық «ардагерлер кеңесі» ұйымының төрағасы Сейілбек Шаухаманұлы ойын төмендеше өрнектеді:
«Дін басшысы өзге қалада жүрсе де, көпшілікке үлгі болып, арнайылап дастархан жайып, ауызашар беріп жатқанына Алла разы болсын! Сыр өңірі әлеуметінің атынан алғысымды айтамын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!»-деп, өңір халқының атынан ризашылығын жеткізді.
Ауызашарға еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым жеткешілері мен зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары, спортшылар секілді әр түрлі саланың мамандары, сондай-ақ, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Берекелі отырыста, қонақтар қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні мен термешілердің термесінен сусындап қайтты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі