16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шараға департамент басшысы М.Қарымсақов, департаменттің басшылық және жеке құрамы, сондай-ақ Қызылорда облысының құрметті ардагерлері қатысты.
Мерекелік жиын республикамыздың әнұранның шырқалуымен салтанатты түрде ашылды. Содан соң, департамент басшысы Мұрат Қарымсақов жиынға қатысушыларды ерекше мәні бар күнмен құттықтады.
«Бұл күн біздің еліміз үшін ерекше күн. Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болған тәуелсіздік – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Өйткені бұл күні, азаттықты аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.
Тәуелсіздік жылдарында орын алған оң өзгерістер мен Елбасымыздың ғаламдық бастамаларының нәтижесінде біздің еліміз кең халықаралық танымға ие болды.
Бізде одан әрі даму жолының айқын бағыт-бағдары бар. Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол» атты халыққа Жолдауында - қазақстандықтарға стратегиялық бағыт болатын еліміздің саяси бағытын айқындады. Бізді бүгінгі жеңіске бірінші күндерден бастап Мемлекет құрылысын жүргізіп келе жатқан Ел Президентінің кемеңгерлігі және көрегендігі алып келді.
Осындай маңызды күндер қарсаңында біздің Агенттік және Департамент өзінің толыққанды жұмысын бастады. Біздің алдымызда Елбасымен қойылған маңызды міндеттер тұр. Еліміздің амандығы мен өркендеуі біздің іскерлігімізден, қойылған міндеттерді шешу жолында жаңа оң шешімдер табуымызға байланысты»
Бұдан басқа, аталған іс-шарада өз ой-пікір, тілектерімен салтанатты іс-шара қонақтары –облысымыздың құрметті ардагерлері – Ж.Өтеген, Ә. Бәкірұлы, Қ. Шапшанов бөлісті.
Салтанатты іс-шараның соңында департамент басшысы Мұрат Секешұлы салтанатты іс-шара қонақтарына сыйлықтар табыс етті және ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні туралы бейнефильм көрсетілді.
Баспасөз қызметі