ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін №9 қазақ-түрік лицейінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық білім басқармасының қолдауымен, облыстық «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында салтанатты қабылдау кеші өтті.
Бағдарлама бойынша 100 оқушы жас ұлан қатарына қабылданды. Жалпы ұйымның облыста 60 041 мүшесі бар. Шараға 300 делегат және Қазақстанның еңбек ері Абзал Ералиев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай «Жас ұлан» гимнінің авторы Ұлболсын Жаналиева, Гүжанат Нұрмаханова, сондай-ақ Азия ойындарының күміс жүлдегері Алмас Өтешов қатысты, - делінген басқарманың баспасөз қызметінің жіберген мәлеметінде.
Салтанатты кештің І-бөлімінде қонақтар жас ұландарды құттықтап, жас ұлан ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты кештің ІІ-бөлімінде талантты балалардың өнер шеруімен жалғасып, 2014 жылдың үздіктеріне «Көшбасшы-2014» және «Балалар үшін» номинациялары тапсырылды.