ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТЕОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ САНЫН АРТТЫРМАҚ
Бүгін Қызылорда облысына Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни мен аталған оқу орынының бір қатар профессорлары арнайы іс-сапармен келді. Қонақтарды облыс әкімі Қ.Көшербаев қабылдады.
Аталған университеттен 10 жылда елімізде жарты мыңнан астам исламтанушы, дінтанушы, тіл мамандары мен жоғары білімді имамдар мамандық алды. Бүгінгі таңда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университеті жыл сайын Қазақстанда дәстүрлі ханафи мазхабы бойынша екі жүзден аса мамандар даярлауда.
Делегацияның басты мақсаты - Қызылорда облысы аумағында діни радикализм профилактикасы бойынша қызмет жасайтын арнайы мамандардың, дін саласы өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлер мен теологтардың біліктілігін арттыру және жалпы жамағатқа дәстүр мен ислам дінінің үйлесімділігін араб ғалымдарының ғылыми тұжырымдары арқылы көрсету.
- Қазіргі таңда Ислам дініндегі құндылықтарды халыққа дұрыс түсіндіру, тиімді жеткізу жолында дін қызметкерлерінің білімі мен білігінің жоғары болуы аса маңызды. Сондықтан да, өңіріміздегі мешіттерді заман талабына сай жоғары білімді кадрлармен толықтыру қажеттілігі де туындауда. Осы мақсатта аймақтан жыл сайын «Нұр-Мүбарак» ислам университетіне талапкерлердің артуына ықпал жасау көзделіп отыр. Біз ағымдағы жылы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алушы 8 студенттің оқу ақысы мен жатақханасына қаржылай демеушілік жасап отырмыз. Олар дәстүрлі ислам діннен тәлім-тәрбие алып, білікті де білімді мамандар болып шығатындығына сенеміз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақта дәстүрлі дінді жетік меңгерген білікті теолог мамандардың санын арттыру мақсатында аталған оқу орыны мен Қызылорда облысы әкімдігінің өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
Басқосуда Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни Ислам дінінің маңыздылығына тоқталып, еліміздің барлық өңірінде араб тілін үйрететін орталықтар ашуды жоспарлап жатқандығын жеткізді.
Екі күн бойы университет профессорлары мешіттерде жамағатпен кездесіп, имамдарға семинарлар және ғылыми-практикалық конференция өткізетін болады.