БОС ОРЫНДАР ЖӘМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Оған пробация қызметінің есебінде тұрған 30 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты.
Жәрмеңкеге 60-қа жуық жұмыс беруші мекемеден 200 бос жұмыс орындары ұсынылды. Әсіресе, газ электр дәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы мамандықтарына сұраныстар болды.
Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 15 азаматқа бос жұмыс орнына жолдама берілді.
Д.САЙДИЛЬДИНОВ,
Қызылорда қалалық пробация қызметінің
аға инспекторы, әділет капитаны
