СИНОПТИКТЕР АСТАНА ҚАЛАСЫ МЕН 5 ОБЛЫСТА ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАДЫ
Ауа райының бұзылуына байланысты Астана қаласы мен бес облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде күндіз 30 м/с болуы ықтимал. Кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.
Астанада 31 мамыр күні оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Петропавлда 31 мамырда оңтүстік-батыс және батыстан жел тұрып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-ке дейін жететіні болжанады. Найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ түседі. Түнде және таңертең тұман күтілуде. Дауылдың ықтималдығы - 85-95 %.
31 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінмен соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с жетуі мүмкін.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша 31 мамырда түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Облыс шығысындағы тауларда жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Өскемен қаласында осы күні жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с артады.
31 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с болады. Ескертудің ықтималдығы 90-95 %