ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы жолдауы – экономика мен әлеуметтік жағдайды дамытудың негізгі.
Бүгінде Қазақстан әлемге дамушы жас мемлекет ретінде танылып отыр. Еліміз жаңа технологияларды енгізу арқылы сыртқы нарық пен ішкі экономиканы, әсіресе, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуды мақсат етіп отыр.
Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындада бұл салаларды айналып өткен жоқ. Керісінше, бүгінгі заман жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқанын дөп басып атап өтті.
Бүгінгі заман талабы халықтың тұрмысын, ой-өрісін, хал-ауқатын дамытуға жағдай жасайтын технологияларды тиімді пайдалану болып отыр. Бұндай алға қадам басушылық дамыған мемлекеттердің қатарына ілігу үшін жасалып отырған жаңа мүмкіндіктер. Бұл әлемнің дамыған 30 елінің қатарына аз уақыттың ішінде кіру үшін тарихи мүмкіндік. Осыған байланысты Елбасының жыл сайын жүйелі түрде жоспарланатын биылғы жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталып, қазіргі күнгі өте маңызды, әрі негізгі он саланы санамалай отыра жүйелеп берді.
Елбасының жыл сайынғы жолдаулары – Қазақстанды дамытуға бағытталған қозғаушы күштің ең маңызды түрлерінің бірі.
«Мен бұл өнеркәсіптік революцияны тұрғындардың біліктілік деңгейін арттырып, ескіше ойлаудан босатып, жаңа серпінді дамып келе жатқан қоғамға дайындап, оның цифрлық қажеттілігімен индустриалдық қоғамды белсенді құрудың заңды дәуірі ретінде көремін», - деп атап көрсетті.
Бұл жолдаудың негізгі міндеттерінің басым бөлігі өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласына байланысты. Сол себепті, әр адам цифрлық технологиялар мен шығарылып жатқан өнімдердің тұтынушысы болғандықтан, ең біріншіден – қоғамды ақпараттандыру басты міндет болып отыр.
Сонымен қатар, Жолдауда кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажеттігі айтылды. Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керектігі, "Бір терезе" қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігі, мемлекеттің бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс екендігі дөп басылып айтылған.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында біз жүзеге асыруға тис негізгі он міндетті айқындай отыра, ол міндеттердің жүзеге асуына аса көңіл бөліп отыр. Оны жүзеге асырудың негізі ретінде басты барлық үрдістерді цифрландыру және қазіргі заманғы бизнестің жаңа қырын игеру арқылы еңбек өнімділігі деңгейін арттыру үшін барлық инвесторлар мен өндірушілер жаңа технологияларды толық енгізу болып отыр.
Бұл ел басының бізге жүктеп отырған үлкен жауапкершілігі ретінде қабылдап, таңдап алынған бағыттардың дұрыс әрі тура дамуына жағдай жасауға мінддетті екенімізді жете түсіну қажет. Алда атқарылатын жұмыс аз емес, алайда Жолдаудағы міндеттерге қол жеткізетіндігімізге кәміл сенемін.
Бұл ең бастысы, қарапайып халықтың тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын, ел экономикасының тірегін нығайтуға бағытталған міндет екенін естен шығармауымыз қажет.
Елбасы айтқандай, бұл міндеттерді орындау жолында халқымыз ынтымақты және ауызбірлікті болуы керек, сондықтанда бірігіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ әлемдік бәсекеге қабілетті елдің бірі болатынымыз анық!
Г.ОҢҒАРБАЕВА,
әділет департаменті
зияткерлік меншік құқықтары
бөлімінің жетекші маманы