ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Бұл кітаптар әлеуметтану, психология, лингвистика, экономика, кәсіпкерлік, дінтану, антропология, журналистика және басқа салалардағы кең ауқымды ғылыми білімді қамтитын оқу құралы болмақ. Сондай–ақ, ғылыми аударма шеңберінде терминология, сөзжасам, стиль және аударма сапасын анықтайтын басқа да аспектілер мен қағидалар айшықталған.
Алғашқы 18 оқу құралының глоссарийлері негізінде үш мыңнан астам ғылыми терминдер мен тұжырымдар анықталған көрінеді.
10 000 дана таралыммен шығып, бір айдың ішінде тегін жөнелтілу жоспарланып отырған кітаптар аз уақытта қолымызға тигелі отыр. Бұл біз үшін зор қуаныш. Осындай қарқынмен алдағы күндері де оқулық саны еселене түссе нұр үстіне нұр болар еді.
Мейрамкүл СӘРСЕНБАЕВА,
Арал ауданы
№ 231 орта мектептің мұғалімі