ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндетіне сай биылғы жылы да Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Жолдауын арнады.
Елбасының дүниежүзіндегі саяси және экономикалық дағдарыс кезіндегі «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен арнаған биылғы Жолдауының жүгі ауыр, маңызы ерекше.
Елбасы осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты.
Әсіресе, отандық кәсіпкерлерге әлемдік және аймақтық нарықтағы бос кеңістіктерді жаулап алу мүмкіндіктерін пайдалануға, осы ел мен мемлекеттің арқасында жинаған қаражаттарын шет елден өз елімізге әкеліп экономикаға салса ол қаражат қаржы иесіне сенімділік, туыстарына табыс, мемлекетке байлық болатынын ескертті. Қуатты ел болу-бәсекеге қабілетті ел болу деген сөз, «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйым, сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болса ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады деп кәсіпкерлерге ерекше сенім артатынын аңғартты. Басымдылықтарының бірі – экономиканың жедел технологиялық жаңарту болады.
Бұл цифрлық технологиялар базасында жаңа преспективалы салалар құру дегенді білдіреді. Бизнес-ортаны кеңейту мен жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайларды жақсартудың қағидатты маңызы бар. Бұл үшінші мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтып бизнес үшін барлық ықтимал шығындарды төмендетіп, мемлекет - жекеменшік серіктестігін дамыту, өсімнің болашақ моделінің қатарында агроөнеркәсіп кешені, көлік және логистиканы, тұрғын үй нарығын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау бұл жолдаудың басты басымдылықтары болып қалды.
Сонымен бірге Елбасы Н.Назарбаев Жолдауда қандай қиын жағдай болмасын мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың қысқармайтынын, жаңа жылдан бастап зейнетақылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсетіндігін, осы жақсылықтың барлығы ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы үшін жасалынып жатқандықтан, көлденең шыққан кедергілерден кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына егемендігімізді баянды, тәуелсіздігімізді табанды ету жолында аянбай бір мақсат, бір тілектің астынан табылып, бірігіп тіршілік етуге шақырды.
Э.АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ,
Қызылорда облысының
әділет департаментінің бас маманы