РУХАНИ ҚАЗЫНА
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының жарияланғанына жылдан асты. Жаһандану үдерісін жылдамдатуға негізделген осынау үлкен бағдарлама бүгінде өз жемісін беріп келеді.
Осынау жемісті жобаның беделін одан әрі арттырып, ел арасында насихаттау шараларының да қатары артқан. Сондай танымдық шаралардың бірі Арал ауданы Ақирек ауылдық округінде өтті. Округ орталығы Ақбай ауылдық клубында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – уақыт талабы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Елбасы осы мақалада айтып өткендей "...Білімнің салтанаты жалпыға ор¬тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеשּׁтері бар. Технологиялық революцияның беталы¬¬сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт¬та қазір¬гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді" дегендей, бүгінде білім саласы басты назарда.
Білімді шәкірт, болшақ білікті маман даярлау жолында ұстаздар қауымына артылған жүк көп. Басқосуда Ақбай ауылындағы №63 орта мектебі директорының орынбасары Ж.Сексенов бағдарламалық мақалада көрсетілген "Білімнің салтанат құруы" бағытында баяндама жасады. Баяндама барысында мектептің тынысы, білім беру процесінде орын алып жатқан өзгерістер мен алдағы ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқаны жайында атап өтті.
Мұнан соң ауыл әкімінің бас маманы Қ.Аманжолов "Сананың ашықтығы" жөнінде жан-жақты әңгімелеп, маңыздылығына тоқталды.
Ал, "Қызғалдақ" балабақшасының әдіскері Ж.Аққасынова өз кезегінде ел дамуына елеулі септігі бар тағы бір басым бағыттардың бірі "Бәсекелік қабілет" жайында жиналғандарға кеңінен түсіндірме жасап өтті.
– Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел азаматтары. Сондықтан осынау маңызды үдерісті бала кезден санасына сіңіріп өскен жастардың болашағына сеніммен қараймыз. Балабақша қызметкерлері де бұл бағытта жұмыс жасап келеді, - деді өз сөзінде.
Сондай-ақ, ауылдық клуб меңгеруші Н. Маханов "Ұлттық бірегейлікті сақтау және прагматизм туралы" баяндама жасаса, "Асхат" шаруа қожалығының төрағасы А.Қаныбетов мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікке жасалған қолдауға жоғары баға беріп өтті.
Тақырыптық кеш соңында ауыл ақсақалы А.Жалғасбаев ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіре отырып, ақ батасын берді.