ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қаласында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың басшылары мен заңгер мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе жинаған тұлғалар мен ғалым-оқытушылар, азаматтық қоғам, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов конференция жұмысын ашық деп жариялап, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттар мен міндеттерді айқындайтын заңнамалардың тарихына тоқталып өтті.
Конференцияның алғы сөзінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев конференция жұмысына сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов «Рухани жаңғыру аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында хабарлама жасады.
Медицина саласының ардагері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Маханов конференцияның тақырыбына сәйкес пікірін білдірсе, «Болашақ» университетінің оқытушысы Ы.Дулатов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» кафедрасының аға оқытушысы А.Муйденова «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жетілдірілуі» тақырыбында хабарламалар жасалды.
Конференция соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.