УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ
Еуропалық және азиялық дизайнерлердің, журналистер мен сән сарапшыларының, сондай-ақ қазақстандық дизайнерлердің қатысуымен өткен «Аспара Сән апталығы» аясындағы «NEO FOLKLOR» киім дизайнерлер Халықаралық сайыстың іріктеу турынан Қорқыт ата атындағы ҚМУ 5В042104 – Сән дизайны мамандығының студенттерінің дайындаған екі сән жиынтығы өткен.
Шымкент қаласында «Кәсіптік оқыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Л.Шильдебаева мен оқу шебері, педагогика ғылымдарының магистрі А.Амирова жетекшілігімен Д-14-1 оқу тобының студенті Аида Темір, Д-15-1 оқу тобының студенттері Әби Рита және Ақнұр Шуақбай, Д-16-1 оқу тобының студенті Әйгерім Жазықбаева жасаған сән жиынтықтары аталған сайысқа қатысты.
Сән апталығына әлемнің көптеген елінен 24 дизайнер қатысты.
Д-15-1 оқу тобының студенттері Әби Рита және Ақнұр Шуақбай өз сән жиынтығын қанық түсті мақта матадан жасалған, нео-фольлер стиліндегі тиіндармен әшекеленген костюмдерді қазылар алқасына ұсынды
Ал, Д-14-1 оқу тобының студенті Аида Темір нәзік сән жиынтығын ақ матадан дайындап осы әділ қазылар алдына сахнаға шығарды. Нәтижеде Аида Темір «Тұтастық және бейнелеудің көркемдік мәнерлігі» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.