ҚЫЗЫЛОРДА
Дарақтай ай ілінген бұтағына,
Алаулы мыстай күннен тұтануға
Шақ қалдың!
Боза түкті күлгіндігің
Қыш кітаптай жазылған мың жыл бұрын.
Даланың тынысындай күрсінгенің.
Қалжырамай қалса да құр сүлдерің,
Есалаң жел жұлқылап етегіңді
Көкке жайған желкенін жеке мұңның
Көкжиегін жағалап күн-ғұмырлар,
Іңірдейсің малынған ілкі-нұрға.
Арудайсың жаралған сүю үшін.
Көшелерің – тағдырлар қиылысы.
Көк құрақты аңсаған қияндағы
Мұңшылдардың жетелеп қиялдарын
Жанға сызып айшығын маусымдардың
Кеудесіне арманы таусылғанның
Жаһанды жасартардай жаңа сәуір
Орнаттың!
Келбетіңде дала сәні...
Әжемнің мейріміндей баяғыңды
Үлгі етіп, сұлулыққа оянудың
Қаласына айналдың.
Соны ұғындым –
Көз жасым – тамшысындай көңіліңнің.
Көңіліңнен ақпанда мұз да еріген,
Жылылығың аумайды қыз демінен.
Қызылордам, қанықсың мұң-сырыма,
Түннен тамған өлеңдей тылсымыңа
Ғашықпын!
Ал ғашықтың күні ғәріп...
Әр сәтіңнен мың жылдың мұңын алып
Жаңқадан жазда қайта көктерім ең,
Бұтағың мен болайын өрт кемірген!
Биболат СӘТЖАН
Алаулы мыстай күннен тұтануға
Шақ қалдың!
Боза түкті күлгіндігің
Қыш кітаптай жазылған мың жыл бұрын.
Даланың тынысындай күрсінгенің.
Қалжырамай қалса да құр сүлдерің,
Есалаң жел жұлқылап етегіңді
Көкке жайған желкенін жеке мұңның
Көкжиегін жағалап күн-ғұмырлар,
Іңірдейсің малынған ілкі-нұрға.
Арудайсың жаралған сүю үшін.
Көшелерің – тағдырлар қиылысы.
Көк құрақты аңсаған қияндағы
Мұңшылдардың жетелеп қиялдарын
Жанға сызып айшығын маусымдардың
Кеудесіне арманы таусылғанның
Жаһанды жасартардай жаңа сәуір
Орнаттың!
Келбетіңде дала сәні...
Әжемнің мейріміндей баяғыңды
Үлгі етіп, сұлулыққа оянудың
Қаласына айналдың.
Соны ұғындым –
Көз жасым – тамшысындай көңіліңнің.
Көңіліңнен ақпанда мұз да еріген,
Жылылығың аумайды қыз демінен.
Қызылордам, қанықсың мұң-сырыма,
Түннен тамған өлеңдей тылсымыңа
Ғашықпын!
Ал ғашықтың күні ғәріп...
Әр сәтіңнен мың жылдың мұңын алып
Жаңқадан жазда қайта көктерім ең,
Бұтағың мен болайын өрт кемірген!
Биболат СӘТЖАН