ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖОЛ ТАРТУ

Салауаттылық шарасына Облыстық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағамбетова және медбике А.Жеткергенова және мектеп мұғалімдері қатысты.
Қатысушы оқушылар сұрақтар қойып, жастар арасындағы ересектерге еліктеушілікті жою қажеттілігі сөз етілді.
Оқушылар пікіріне облыстық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағамбетова пікір қосып, дәрігерлік кеңес берді. Тәрбиелік шараны мектеп директоры З.Тасымова қорытындылады. Шара соңында 9 сынып оқушыларының флешмоб биімен көпшілік көңілінен шықты. Салауатты өмір салты жарқын болашақ деген ұғыммен оқушылар тәрбиелік мазмұнды ой жинақтады.