ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ДӘРІСТЕР

Сала маманының дәрісті интернат мұғалімдері мен осындағы 7-8 сынып оқушыларына «Өрт болған жағдайда балалардың іс-әрекеті және жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында өткізді. Осылайша, өрт қауіпсіздігі ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жасалды.
Сонымен бірге, №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты ғимаратындағы алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт қауіпсіздігі бұрышы және оны өрт туындағанда пайдалану ережесі туралы айтылды.
Сабақ соңында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының директоры Е.Ақшалов мектеп ұжымы мен оқушылардың атынан қауіпсіздік бағытындағы дәрістері үшін департаменттің бас маманы Айнұр Сағынышқызына алғыс білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД