ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА БОРАН СОҒАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Қазгидрометттің мәліметінше, Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, 15-20 м/с жел болады деп болжанған. Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейіп, түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Қостанай облысында тұман түседі.