ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АУДАНДАРҒА ЖҰМЫС САПАРЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қармашы, Жалағаш аудандарына жұмыс сапары басталды. Аймақ басшысы Қармақшы ауданы орталығы – Жосалы кентіндегі 300 орындық мектеп пен Иіркөл ауылындағы 50 орындық балабақшаның ашылуына қатысты.
Сонымен қатар, облыс әкімі Жалағаш ауданындағы «Таң» шаруа қожалығындағы оазистік суару әдісімен суарылатын егіс алқаптарын жұмысымен танысады.