АРНАЙЫ ЖАСАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРДЫ
Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері үшін тренинг өтті.
Тренингтің негізгі мақсаты – қызметкерлердің экстремалды жағдайларға психологиялық тұрғыда дайын болуын қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа біріктіруге дағдыландыру, сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, стресс ситуацияларында тыныштық, салмақтылық сақтай білуге үйрету болып табылады.
Тренинг жоғары деңгейде өткізіліп, іс-шара соңында қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, тренингтің тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі