"АЙБЫН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «АЙБЫН» әскери-патриоттық жиыны облысымызда 4-ші рет өткізіліп отыр. Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына, Туған қаламыздың 200 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жиынға облыстағы 7 аудан мен қаладан барлығы 8 командадан құралған 160 жас қатысты. Белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74-ті жартылай шашу, жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс кешенді қию, әскериленген эстафета сынжы жарыс түрлерінен жастар бақ сынады.
«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының нәтижесінде І орын – Арал ауданының командасы бұйырды. Жүлделі ІІ орынды – Қармақшы ауданының командасы жеңіп алса, келесі орынға Қызылорда қаласының құрамасы тұрақтады.
Жеңімпаз командалар мен жекелей сайыстар бойынша орындар алған жастар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.