ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ
Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобалар» тапсырмасына сәйкес №264 мектеп-лицейінде техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың облыстық жарысы өткізілді.
Облыстық жарыстың негізгі мақсаты: балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау болып табылады.
Қатысушылар әуе модельдері, зымыран модельдері, радиомен басқарылатын көлік, кеме құрастыру модельдері, автотрассалық модельдеу кластары бойынша бақ сынады.
Оған 10 командадан 62 оқушы қатысып, 30 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.