ҚАЗАҚСТАНДА 2014 ЖЫЛЫ БУНКЕРЛІК САЛМАҚТА 17 МЛН. ТОННА АСТЫҚ БАСТЫРЫЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ
Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17 млн. тонна астық бастырылады деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасенов.
«Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысының диқаншылар қыстық дақылдар есебінен жаман өнім алмайды. Бұл- қуантарлық жайт. Бұл өңір ағымдағы жылы гектарына 15 центнерден өнім алады. Мәселен, Ақтөбе облысында алапат ыстық болды. Дегенмен, бұл өңірде де астық шығымы өз шығынын өтейді деп есептейміз. Ал толықтай алғанда, жалпы егістік алқабынан жиналатын бункерлік салмақтағы астық көлемі шамамен 17 млн. тонна болатындығын болжаудамыз», - деді ол кеше брифингте.
Комитет төрағасының айтуынша, астық терімі басталатын уақытта жаңбыр жауса, бұл өнім түсіміне кедергі келтіруі ықтимал.