ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

Семинарды ашқан мектеп директоры Оңталап Маханбетов Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылып жатқан бірқатар шараларды атап өтіп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлжанат Әшірбекова «Көзқарас» тақырыбында ата-аналармен ток-шоу өткізді. Шараны өткізбес бұрын мектеп қызметкерлері алдын-ала зерттеу жұмыстары негізінде қала тұрғындары арасында сұхбат жүргізіп, оның түсірілімі ақпараттық тақтадан көрсетілді. Қала ардагерлері, жастар өз сұхбаттарында елбасымыздың қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру идеясын қолдайтындарын білдірген. Сонымен қатар ток-шоуға ата-аналар шақырылып, латын әліпбиі туралы көзқарастарын білдірді.
Шараға барынша белсене атсалысқан жастар өздерінің латын әліпбиін меңгеру деңгейін де көрсете алды. Жалпы семинарға қатысушылар өзінің іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерінің жұмыстарын жоғары бағалады.