КӨКЖИЕГІ КЕМЕЛ МУЗЕЙЛЕР
Жуырда Жезқазған қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында және Жезқазған тарихи-архиологиялық музейінің 40 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына байланысты «Көкжиегі кемел музейлер» атты республикалық музейлер фестивалі өтті.
Еліміздің әр аймағынан 14-тен астам музей қызметкерлері қатысқан шарада ҚР мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов және басқа да қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Фестиваль барысында «Жезқазған-шеберлер мекені» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылса, облыс көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.
Сонымен бірге, фестиваль аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске ауырудағы музейлердің атқаратын рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен еліміздің әр өңіріндегі музейлер қызметкерлерінің қатысуымен «Көкжиегі кемел музейлер» атты сайыс өтті.
Сайысқа қатысушылар «Музей – мәдениет ошағы», «Жаңа әлемдегі музейлер» және «Жанданған тарих іздері» атты кезеңдер бойынша өз өнерлерін ортаға салып, оның қорытындысымен шараны ұйымдастырушылар тағайындаған түрлі номинацияларға ие болды. Олардың қатарында біздің де жерлесіміз, Қорқыт ата мемориалдық музейінің қызметкері Мағауия Әлиев Алғыс хат пен «Рухани құндылықтарды насихаттаушы» номинациясына және қаржылай сияпатқа ие болды.