ЖАҢА КІТАПТАР «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аударма мәселесіне ерекше назар аударғаны баршамызға мәлім.
Нәтижесінде 2017 жылы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламалық мақаланың бір жылдығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өткені баршамызға белгілі.
Жақында «Болашақ» университетінің кітапханасына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан аударылған 18 кітаптың 976 данасы берілді. Кітаптар келген күннен бастап профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастардың қызығушылықтарының мол екендігі көрінді.
Алдағы уақытта студент-жастардың осы кітаптар арқылы ізденістері артатындығына сенімдіміз.