МҰНАЙДЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,71 долларға көтеріліп, баррелі 79,22 долларды құрады.
WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,96 долларға қымбаттап, баррелі 72,24 долларға жетті.