ЗАМАН ТАЛАБЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
«Болашақта өркениетті дамыған
50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін білім»
Н.Ә.Назарбаев
Жас ұрпаққа білім беруде оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің ең басты міндеті. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай ұрпақ өсіріп, саналы білім, сапалы тәрбие беруде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы іргелі білім ордасының бірі Ү.К.Томанов атындағы №183 мектептің алар орны ерекше. Бүгінде іргелі білім ордасы мемлекетіміздің қамқорлығына бөленіп жаңа мектеп ғимаратына көшу қарсаңында қуаныштары шексіз. 90 – жылдық тарихы бар тағылымды білім ордасынан қанаттанып ұшқан түлектер бүгінде Қазақстан Республикасының әртүрлі аймағында қызмет етуде. «Қандай мектептің болсын басты нысаны оқушыларға сапалы білім, салихалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекші етіп тәрбиелеу» деп Алаштың арда ұлы Ахмет Байтұрсынов айтқандай ұрпақ тәрбиесіне Отансүйгіштік сезімін егіп, адал да парасатты азаматтар тәрбиелеу үшін әрбір ұстаз аянбай тер төгеді. Өйткені ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктеуде. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, бар өмірін жас ұрпақ тәрбиесімен оқу – ағарту саласына арнаған, Отанын, мамандығын, отбасын, дос-құрбысын ардақ тұта білетін, мәдениеттілігі мен әдептілігі, адамгершілігі мен білімділігі үйлесім тауып, ұстаздарынан алған тәлімі мен өнегесін өзінен кейінгі жастарға үйрете жүретін әріптесім Кенжеева Алтыншаны мақтан тұтамын.
Алтынша Кенжеева – 2011 жылдан бастап мектеп директоры. Қызмет жолында еңбегі елеусіз қалмай жоғары марапат биігінен көрінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Оқу Ассоциациясының Алғыс хаты, Дарынды балаларды қолдау қорының, облыстық білім қызметкерлерінің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының, облыстық білім департаментінің грамоталарына ие болған. Сондай-ақ, облыс әкімінің, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының Қызылорда қаласының 190 жылдық және облыстың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Шеберлік шегі жоқ байлық» атты Жас қолөнершілер жәрмеңкесінде ІІІ дәрежелі диплом, аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің «Білім берудегі жаңашыл, шығармашыл, нәтижелі еңбегі үшін сертификатына ие болды. Халықтың сенімінен шығып, алғысына бөленген, шәкіртінің жүрегінен орын алған әріптесім Алтыншаға жаңа мектеп ғимаратына қоныс аударып жатқан қуанышты сәттеріне толағай табыс, шығармашылдық жеңістер тілеймін.
№183 Ү.К.Томанов атындағы барша ұстаздардың, оқушылардың нұр шашқан жүзінен Еліміздің қамқорлығына бөленіп Жаңа мектеп ғимаратына орналасу тойы – Тәуелсіз мемлекетіміздің баянды бақыты, ұрпаққа салихалы сыйы дер едім. Елбасының сара саясатына, Ел басқарған ел ағаларының қамқорлық, құрметіне ел риза. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Берекелі ұжымның шаттығына ортақпыз.
Шәкіртім жанған шырағың,
Арналар мәңгі жыр ағын.
Биікте болсын тұғырың,
Ардақты тұлға мұғалім! – деп оқу жылының аяқталар қарсаңында кенеліп жатқан қуаныштарыңыз баянды болсын дегім келеді.
Зарипа Тасымова
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ
мектебінің директоры