СЫРДАРИЯДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Соңғы жылдары Сырдария ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көрсеткіш бірнеше есеге артқаны белгілі.
Оған былтырғы жылы 10 тұрғын үйдің халық игілігіне пайдалануға берілуі дəлел. Бұл жұмыстар биылғы жылы да өз жалғасын табуда.
Бүгінде аудан орталығы Тереңөзек кентінде көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Қазір құрылысы басталған аталған үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталғанда жалпы саны 36 пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Дәнекер ҚК» ЖШС жүргізуде. Ал, техникалық қадағалаушы «Қаймар Инжиниринг» ЖШС.
Негізі, жыл соңына дейін аудан бойынша барлығы 84 пəтер пайдалануға беру жоспарлануда.